Ердоған: «Мақсатымыз – Путин мен Зеленскийді жақын арада елімізде кездестіру»

19 тамызда Ердоған журналистерге Зеленскийге Путинмен Түркия аумағында кездесуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 22 тамызда министрлер кабинетінің отырысында Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыру жақын болашақтағы мақсаты екенін мәлімдеді, деп жазады «Известия».

Мақсатымыз – Путин мен Зеленскийді жақын арада елімізде кездестіру, дағдарыстан шығуға жол ашу. Режеп Тайып Ердоған

Бір күн бұрын дереккөз Ердоған келесі аптада Путинмен келіссөз өткізуге ниетті екенін хабарлаған еді. Онда қос ел басшысы Запорожье АЭС-індегі жағдайды және Украина дағдарысын шешу жолдарын талқылайды.

Ресей Түркия
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: