Лондон абыр-сабыр: Патшайымның отбасы мүшелері жинала бастады

Сурет: pixabay
Лондондағы Букингем сарайы алдына патшайымның денсаулығының нашарлауына байланысты қарауылдың ауысу рәсімі тыйылғанын білдіретін белгі қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарауылдың салтанатты түрде ауысу рәсімінің тыйылғанына қарамастан, сарайдың жанындағы алаңға адамдар көптеп жинала бастады.

Сондай-ақ патшайымның Шотландиядағы Балморал резиденциясына отбасы мүшелері де жинала бастады. Атап айтқанда, Sky News -тің хабарлауынша, ханзада Чарльз әйелі Камиламен бірге Балморал қамалына ат басын тіреген.

Британдық бұқаралық ақпарат құралдары патшайымның денсаулығының нашарлауын болжап, онлайн-трансляциялар жүргізіп жатыр.

Бұған дейін ІІ Елизавета патшайым денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерлердің бақылауына алынғаны хабарланған.

The Guardian газеті Ұлыбританияда монарх қайтыс болған жағдайда әрекет ету тәртібін жариялады.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі