Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 1 қазаннан бастап құрлық шекарасынан өтетін азаматтар құны 500 еуродан (қазіргі уақытта 1000) және салмағы 25 келіден (қазіргі уақытта 31 келі) аспайтын тауарларды баж салығынсыз әкеле алады.
Ведомствода атап өткендей, егер көрсетілген шектен асып кетсе, құнның 30% мөлшерінде баж салығын төлеу керек. Бірақ 1 келі асып кетсе 4 еуродан кем емес.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізген немесе халықаралық пошта жөнелтілімімен жөнелтілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты 2022 жылғы 1 қазаннан бастап тауарлардың құнының критерийлері 1000 евродан 200 еуроға дейін төмендетілді. Сонымен қатар салмақ шегі қолданыстағы шектерде қалады - 31 келіге дейін.Мемлекеттік кірістер департаменті
Темекі
Лимит өзгеріссіз қалады - 200 темекі немесе 50 сигара (сигарилла), немесе 250 г темекі немесе 18 жастан асқан жеке адамға жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортименттегі көрсетілген өнімдер.
Алкоголь
Алкогольді бажсыз әкелу мөлшерлемесі де өзгеріссіз қалады – 18 жастан асқан жеке адамға 3 литр.
2022 жылдың 28 сәуірінен бастап күшіне енген ставканы көтеру туралы уақытша шешімнің мерзімі аяқталатындықтан, 2022 жылдың 1 қазанынан бастап жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу мөлшерлемесі төмендейді.