ЕАЭО елдері электронды темекілерді таңбалауды енгізеді

Сурет: unsplash
ЕЭК Кеңесінің 23 қыркүйектегі шешімімен электронды темекі мен жеке электр буландырғыштарды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өз аумағында сәйкестендіру құралдары бар электрондық темекілерді және ұқсас жеке электр буландырғыштарды енгізу күнін және таңбалау тәртібін дербес айқындауы және бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға осы күнге дейін алты айдан кешіктірмей хабарлауы көзделеді.

Трансшекаралық сауда шеңберінде бір мүше мемлекеттің аумағынан тауарлар акцизделетін санатқа жатқызылған мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін таңбаланған тауарларды айналымға енгізу мына жағдайда көзделеді:

Бұл ретте трансшекаралық сауда шеңберінде әкелінетін тауарларға қорғалатын материалдық тасымалдаушыны қолдануды импорттаушы осы мүше мемлекеттің аумағына немесе осы мүше мемлекеттің аумағына әкелгенге дейін ұсынады.

Тұтынушыларға қолжетімді таңбаланған өнім туралы ақпараттың ең аз құрамы:

1. Жаһандық сауда элементінің нөмірі (GTIN).

2. Жеке элементтің сериялық нөмірі (SN).

3. ЕАЭО бірыңғай ТН ВЭД коды.

4. Тауардың толық атауы.

5. Сауда белгісі/бренд.

6. Зарядтағыш.

7. Құрамында никотин бар өнімнің түрі.

8. Тауардың шыққан елі.

9. Тауардың сәйкестігін растайтын құжат түрі.

10. Таңбаланған өнім туралы ақпарат берген шаруашылық жүргізуші субъект туралы мәліметтер.

11. Тауарды өндіруші туралы мәліметтер.

Шешім 2022 жылдың 2 қазанында қолданысқа енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды