Қырғызстанның үш банкі "Mир" карталарына қызмет көрсетуді тоқтатты

Сурет: pexels
Қырғызстанда үш банк ресейлік "Мир" төлем жүйесінің карталарына қызмет көрсетуді тоқтатты. Бұл туралы қаржы-несие ұйымдарының сайттарында жазылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мир" карталарына қызмет көрсетуді тоқтату туралы шешімді "Доскредобанк", "Бакай-банк", "Компаньон" бантері қабылдады, деп жазды 24.kg.

Серіктестік процессинг орталығының шешіміне байланысты 2022 жылғы 4 қазаннан бастап "Компаньон" банкінің құрылғыларында "Мир" карталарына қызмет көрсету тоқтатылды, – делінген "Компаньон" банкінің мәлімдемесінде.

Банкте "Мир" карталарына қызмет көрсету қалпына келтірілгені жөнінде қосымша хабарланады, деп хабарлады "Бакай-банктің" баспасөз қызметі.

"Доскредобанк" те ресейлік банктердің "Мир" карталарына қызмет көрсетуді тоқтатқанын мәлімдеді.

Қалған банктер әзірге "Мир" жүйесімен әріптестік мәртебесін өзгеркен-өзгертпегенін жариялаған жоқ.

Қырғызстанның Ұлттық банкі белгілі бір төлем жүйесімен ынтымақтастықты елдің коммерциялық банктері өздері шешетінін атап өтті.

23 қыркүйекте ҚР Ұлттық банкі елдегі "Мир" карталарына қызмет көрсету жайына түсініктеме берді.

21 қыркүйекте Halyk Bank-тің баспасөз қызметі банкоматтар желісінде "Мир" картасына қызмет көрсету тоқтатылғанын хабарлады. "Береке" банкінің баспасөз қызметі банк карталарына қызмет көрсетуде ешқандай өзгеріс жоқ екенін айтты.

Кейбір елдерде "Мир" картасының қызметі тоқтатылды.

Ресей
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді