Ресейге ұшып баратын қазақстандықтар үшін ПТР тесті алынып тасталды

Сурет: Zakon.kz.
Ресей COVID-19-ға қатысты ПТР сынамасының теріс нәтижесін тапсыру талабын алып тастады. Бұл жөнінде Роспотребнадзордың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Telegram арнасының жазуынша, қазақстандықтар Ресейге ұшып келу үшін ПТР тестін тапсырмайды.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін теріс ПТР тестін өткізу талабы жойылған болатын.

Енді Ресейге келгендер тек тиісті сауалнаманы толтыруы керек, – делінген хабарламада.

Жаңа қаулыға сәйкес, қазір Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде коронавирусқа іріктеп сынақ алу тәжірибесі ұйымдастырылуып жатыр.

Ресей
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев