ҰҚК Ауғанстан азаматтарына жалған төлқұжат жасаған шетелдікті ұстады

Сурет: gov.kz
13 қазанда "Боран" шекара қызметінің арнайы жасағы Алматы қаласының прокурорларымен бірлесіп Қазақстан аумағы арқылы ауған азаматтарының заңсыз көшіп-қону арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шетелдік азамат Орталық Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын жасап беру үшін 1,5 мың доллар алып жатқан жерінде ұсталды.

Сондай-ақ қазақстандық бірнеше ұйымның мөрі, 20 ауған төлқұжаты, туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, тұруға рұқсат алуға, тіркеуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар тәркіленген.

Комитет өкілдері бұл іс бойынша "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабымен тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Шетелдік азамат Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

21 қазанда ҰҚК-ге "Бейнеу" қылмыстық тобы құрықталғаны мәлім болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен бес белсенді мүшесі ұсталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін