Ресей "астық келісімінен" белгісіз мерзімге дейін тыс қалатынын мәлімдеді

Сурет: pixabay
РФ "астық келісіміне" қатысуын белгісіз мерзімге дейін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РФ Қорғаныс министрлігі Қара теңіз флотының кемелеріне және Севастопольдегі азаматтық кемелерге дрондар шабуыл жасағынын, бұл арадағы басты себеп осы екенін айтты.

Сондай-ақ Ресейдің құзырлы ведомствосы украин дрондары көздеген нысан арасында астық келісімінің орындалуын бақылайтын және Украина порттарына кіріп-шығатын жүк кемелері үшін қауіпсіздік дәліздерін құруды қолдайтын ресейлік кемелер болғандығын да атап өтті.

Ведомствоның хабарлауынша, шабуылға 9 ұшу аппараты мен жеті автономды теңіз дрондары тартылған. Барлық шабуылдарға тойтарыс берілді.

Алдында РФ Қорғаныс министрлігі украин дрондарының Севастопольге шабуылын Николаев облысының Очаков қаласында орналасқан британдық мамандардың басқаруымен жүзеге асырылғанын айтқан болатын.

Ресейдің келісімге қайта оралу шарттары Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылмаған.

Ыстамбұлда 22 шілдеде Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ "астық келісіміне" қол қойды. Келісімге сәйкес, Украинадағы астық, азық-түлік пен тыңайтқыштар Қара теңіз арқылы Одессаны қоса алғанда үш порттан тиеліп, қажетті нысанға жөнелтілуі тиіс болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы