Ер адам 20 жыл бойы жарты миллиард теңге жинап, кейін барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген

Хакеры, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 14:40 Фото: pixabay
Қытайдың Чжэцзян провинциясының тұрғыны 20 жыл бойы өзіне ештеңе қимай, 8 млн юаньға жуық (536 млн теңгеден астам) ақша жинаған. Алайда алаяқтардың арбауына түсіп, барлық жинағын жоғалтты. Ер адам ақшасын жалған брокерлерге аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Sohu басылымы жазды. Цзясин қаласының Хайянь уезінің Чэнь есімді тұрғыны жүк тасымалдаумен айналысқан, бұған дейін шағын кәсіп жүргізген. Ол ақшаны үнемдеуге дағдыланғаны соншалық шағын бір қабатты үйде тұрған, темекі шекпеген, ішімдік ішпеген және көңіл көтеруге ақша жұмсамаған.

Оның айтуынша, бір киім жиынтығы 20 юаньнан (1360 теңгеден) аспаған. Шалбары шамамен 12-13 юань (817-885 теңге) тұрса, аяқ киімін ұлы берген.

"Сәуір айында Чэньге бейтаныс адам қоңырау шалып, акция саудасымен айналысуды ұсынған. Әңгімелесуші өзін Шанхайдағы жеке инвестициялық қордың қызметкері ретінде таныстырған. Шамамен бір ай сөйлескеннен кейін ер адам оған сеніп, ынтымақтастықты жалғастыруға келіскен", – делінген хабарламада.

Мамыр айында бейтаныс адам комиссиясы төмен болатынын айтып, ақшаны акция саудасына арналған басқа қосымшаға аударуды ұсынған. 14-19 мамыр аралығында Чэнь Шэньси провинциясындағы белгісіз компанияның шотына алты рет ақша аударған.

Алты күн ішінде ол жалпы сомасы 7,89 млн юаньды (536,9 млн теңге) аударған. Алдымен 1,89 млн юань (128,6 млн теңге), кейін 2 млн (136,1 млн теңге), 500 мың (34 млн теңге), 1,7 млн (115,7 млн теңге), 1,2 млн (81,7 млн теңге) және 600 мың юань (40,8 млн теңге) жіберген.

Соңғы аударымнан кейін қосымша ашылмай қалған. Ал алаяқ Чэньге алғыс айтып: "Рақмет, сен – менің тарихымдағы ең ірі клиентсің", – деген.
"Қазір менің жинағым жоқ. Қалай айтушы еді: ақша кетті, бас аман қалды", – деді Чэнь.

Оның айтуынша, бұл ақшаны шамамен 20 жыл бойы жинаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: