Чикагода Хэллоуиндегі атыс кезінде 14 адам жарақат алды

Сурет: pixabay
Чикагода Хэллоуин мерекесінде атыс болды. 31 қазанда болған оқиға кезінде 14 адам зардап шекті, оның ішінде үш жасар бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чикагоның батысындағы Гарфилд саябағында белгісіз ер адам көпшілікке көліктен оқ жаудырды, деп жазды ABC7.

Салдарынан 14 адам зардап шекті. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр болса, кейбірі жеңіл жарақаттанған. Оқиға орнында бір адамды көлік қағып кетті, – деді Чикаго полициясының аға офицері Дэвид Браун.

Зардап шеккендер арасында үш, он бір және он үш жастағы балалар да бар. Олар ауруханаларға жеткізілді.

Полиция атыс жазылған видеоны зерттеп жатыр. Күдіктінің аты-жөні анықталмады. Атыстың себебі белгісіз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды