Мексикада адамның басын тістеп алып жүрген ит жұртты шошытты

Сурет: pixabay
Адамның басын тістеп кетіп бара жатқан ит Мексиканың Сакатекас қаласы тұрғындарының зәресін алды. Тәртіп сақшылары қаңғыған итті ұстап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News басылымының жазуынша, тәртіп сақшылары итке жем болған адамды есірткі картелімен байланысы бар қылмыстық топтардың бірінің мүшелері өлтірген деп болжайды.

Сандай-ақ басылым ақша айырбастау пункттерінің бірінің жанына дененің басқа бөліктері табылғанын жазды.

Мексиканың жекелеген аудандарында, басылымның жазуынша, есірткі картельдері қару-жарақ жинаған, билік пен армияда сыбайластары бар. Елде қарулы қақтығыстар жиі болып тұрады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін