АҚШ Сенатының тізгіні демократтарға бұйырды

Сурет: freepik
Демократтар Сенаттағы артықшылығын сақтап, аралық сайлауда 50 орынға ие болуы мүмкін. Көптеген америкалық БАҚ осындай болжам жариялап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенат құрамын анықтауда Невададағы сайлау шешуші рөл атқарған секілді. Өйткені берілген дауыстың 96% саналған соң демократ Кортес Масто небәрі 0,5% айырмамен Невада штатындағы сайлауда өзінің қарсыласы республикашыл Лаксалтты басып озды ( 48,7%/48,2%). Соңғы нәтиже әлі жарияланған жоқ, бірақ демократтардың бұл жеңісі Сенатта 100-ден кем дегенде 50 орынға ие болатынын байқатады. Республикашыларда - 49 орын, деп хабарлайды EurAsia Daily.

Сонымен қатар, орындарды теңдей бөлді деген кездің өзінде демократтар бәрібір артықшылыққа ие болатыны айтылады, өйткені бұл арада АҚШ вице-президенті, демократ Камала Харристің дауысы шешуші рөл атқарады.

Сенаттағы соңғы бос орынның тағдыры желтоқсанда Джорджиядағы сайлаудың екінші турынан кейін анықталады. Алдында бұл штатта ешбір кандидат қажетті дауысты жинай алмаған. Сондықтан екінші турға жол ашылды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды