Венесуэлада күшті жер сілкіністерінен кейін төтенше жағдай жарияланды
Сурет: nytimes
Ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес мұндай шешімнің қабылданғанын мәлімдеді. CNN мәліметінше, жер сілкіністері 25 маусымға қараған түні ел жағалауында болған.
Родригес тұрғындарды сабыр сақтауға және зақымданған ғимараттарды дереу босатуға шақырды. Оның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан келтірілген шығындарға байланысты Каракастағы Майкетия халықаралық әуежайы жабылып, метро мен теміржол қатынасының жұмысы уақытша тоқтатылған.
🔴#BREAKING | Venezuela Hit By 2 Strongest Earthquakes In Over A Century, Buildings Damaged; President Delcy Rodríguez Announces State Of Emergency
— NDTV (@ndtv) June 25, 2026
Associated Press correspondent Juan Arraez reports from Caracas pic.twitter.com/38RpBVdV6E
Алғашқылардың бірі болып көмек көрсетуге дайын екенін Эквадор президенті Даниэль Нобоа мәлімдеді.
"Бауырлас Венесуэла халқымен біргемін. Осы төтенше жағдайдың салдарын еңсеру үшін гуманитарлық көмекті шұғыл түрде жөнелтуді тапсырдым. Айырмашылықтарымыз қаншалықты көп болса да, көшбасшының іс-әрекетіне әрдайым адамгершілік жол көрсетуі тиіс", – деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, осы уақытта Еуропада рекордтық аптап ыстық белең алып тұр. Францияда бірнеше атом электр станциясының жұмысы тоқтатылса, Ұлыбританияда қаңғыбас адамдарды ыстықтан қорғау шаралары қолға алынған.