Венесуэлада үш жасар бүлдіршін алты күннен кейін үйінді астынан тірі табылды

Венесуэлада үш жасар бүлдіршін алты күннен кейін үйінді астынан тірі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 11:41 Сурет: pexels
Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін қираған ғимарат үйіндісі астында қалған үш жасар бүлдіршін алты күннен кейін аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес 30 маусым, сейсенбі күні таңертең Лос-Коралес-Гарден тұрғын үй кешенінің қирандыларының астынан үш жасар Клибер Моранның тірі табылғанын мәлімдеді.

Баланы Иорданиядан көмекке келген құтқарушылар тобы тауып алған. Құтқарылғаннан кейін ол бірден ауруханаға жеткізілді.

Қазір дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Мамандардың айтуынша, бала алты күн бойы тамақсыз және сусыз қалғанына қарамастан аман қалған.

Еске салсақ, Венесуэлада жойқын жер сілкінісі 24 маусым күні кешке болды. Араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі тіркелген.

Бұған дейін Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы бала құтқарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: