Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы бала құтқарылды

Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы бала құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2026 13:59 Сурет: видео скрині
Венесуэланың Ла-Гуайра өңірінде құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 28 маусымда Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес жариялаған видеода каска мен жарық шағылыстыратын арнайы киім киген құтқарушылардың баланы үйінді үстінен түсіріп, зембілге жатқызып жатқан сәті көрсетілген. Құтқару операциясы түнгі уақытта прожекторлар мен шамдардың жарығымен жүргізілді.

"Жуырда Карабальеде 11 жастағы бала тірідей құтқарылды. Осындай сәтте аман қалған әрбір адам – Венесуэла үшін үміт", – деді Родригес.

Бұған дейін сол күні Ла-Гуайрада құтқарушылар Моисес есімді тағы бір 11 жастағы баланы да үйінді астынан аман алып шыққан болатын. Шамамен үш метр тереңдікте жатқан балаға жету үшін алты сағат бойы үздіксіз құтқару жұмыстары жүргізілген.

"Моисес аман-есен құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Алты сағатқа созылған ұқыпты әрі күрделі жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар балаға жетіп, оны қауіпсіз жерге алып шықты", – деп хабарлады құтқару операциясына қатысушылар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: