Ресейдің бірнеше облыстарында төтенше жағдай жарияланды

Ресейдің Түмен және Қорған облыстарында төтенше жағдай жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 14:57 Сурет: pixabay
Ресейдің Түмен және Қорған облыстарында төтенше жағдай режимі жарияланды.

"Росгидрометтің" мәліметінше, Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтеріліп, 62 елді мекен мен Қорған қаласына тасқын қаупі төніп тұр. Түмендегі жағдай әзірге бақылауда болғанымен, қауіп күшейеді деген болжам айтылып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы күндері Ресейдің 39 аймағында 10400-ден астам үйді су басты.

Ең қиын жағдай Орынбор облысында. Орск қаласында жұма күні дамба құлап, 4 мыңға жуық үй судың ортасында қалды.

Ресей үкіметінің дерегінше, су апатынан келген шығын қазірдің өзінде 21 миллиард рубльге жеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: