Ақтауда төтенше жағдай жарияланды

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін, 7 маусымда Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды", - делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.
Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript