Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда өртке байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекиннің бұйрығы Ашық НҚА сайтында шықты.
"Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген бұйрықта.
Еске салайық, 27 сәуірде Екібастұзда екіқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді.
Өрт сөндірушілер 30 адамды эвакуациялады, оның жетеуі – балалар.
Сонымен қатар өрт сөндірушілер шатыры өртенген екіқабатты ғимарат ішінен 6 газ баллонын сыртқа алып шықты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript