Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

Лесной пожар, лесные пожары, тушение лесных пожаров, огонь, пламя в лесу, пожарный, пожарные, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 15:05 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Ресейдің 29 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Тіпті 5 облыста төтенше жағдай режимі жарияланды. Мәселен, Якутияда 433 мың гектар жер өртеніп, оны сөндіруге 1500 адам, 150 техника жұмылдырылды.

Бір күнде іргелес елде 200-ге жуық орман өрті тіркелді. Алтай өңірі, Бурятия, Тыва, Самара облыстарында да жағдай мәз емес. Мамандар жаз басталғалы орман өртінің саны 40 пайызға артқанын айтады.

"Төтенше жағдайлар қызметі жаз айларында артқан орман өрті мен ту тасқынына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тиісті мамандарға тапсырма берілді. Бірқатар өңірде ыстық және құрғақ ауаның салдарынан қауіп артуда." Александр Куренков, РФ Төтенше жағдайлар министрі

Ал мамандар Ресейдің бірқатар өңірінде су тасқыны артуы мүмкін екенін ескертеді. Мәселен, Приморск өлкесінде тропикалық циклонның әсерінен жауын-шашын артып, су деңгейі 3,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Бірнеше ай бойы Ресейдің 40 өңірінде су тасқынымен күрес жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: