Си Цзиньпин біржақты санкцияларды алып тастауға шақырды

Сурет: fmprc.gov.cn
Сейсенбі, 15 қарашада G20 саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеме жасады. Ол "әлем азық-түлік пен энергетика мәселелерін саясиландыру әрекеттеріне табанды түрде қарсы тұруы керек" екенін айтып, біржақты санкцияларды алып тастауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Global Times басылымының жазуынша, ол "азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік жаһандық даму саласындағы ең өзекті мәселелер" екенін тілге тиек етті.

Си Цзиньпин қазіргі дағдарыстың басты себебі өндіріс пен сұраныстағы проблемалар емес, жеткізу тізбегіндегі проблемалар мен халықаралық ынтымақтастықтың бұзылуы екенін атап өтті.

Оның пікірінше, бұл жағдайдан шығудың жолы – барлық елдер үшін Біріккен Ұлттар Ұйымымен және басқа да көпжақты халықаралық ұйымдармен келісе отырып, нарықты қадағалау және реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Сондай-ақ, Си Цзиньпин тауарға қатысты серіктестік орнату, ашық, тұрақты тауар нарығын дамыту, жеткізілім тізбегі мен нарықтық бағаны бірлесіп тұрақтандыру қажет екенін баса айтты.

Ол сондай-ақ біржақты санкциялар мен техникалық ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастауға шақырды.

15-16 қарашада Индонезияның Бали аралында G20 саммиті өтіп жатыр.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды