Польша аумағына құлаған зымыранды украин әскерлері ұшырған – БАҚ

Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілеттігі
Associated Press агенттігі Польша аумағына түскен зымыранды ресейлік зымыранды атып түсіру үшін Украина әскері ұшырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Associated Press агенттігі америкалық шенеуніктердің сөзіне сүйене отырып жазуынша, алғашқы мәліметтер Польша аумағына түскен снарядтарды жақындап қалған Ресей зымыранын атып түсіру үшін Украина әскері жібергенін көрсетеді.

DW агенттігі АҚШ президенті Джо Байден Польшада құлаған зымырандарды Ресейден атылғанына күмәнданатынын жазды. Оның сөзінше, "алдын ала ақпарат бұл фактіні жоққа шығарады".

15 қарашада Польшаның Украинамен шекаралас оңтүстігіндегі аумағына екі зымыран құлап, екі адам қаза тапты. Польша билігі зымырандарды кім атқанын әлі нақты айта алмай отыр.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды