Мәскеуде дауыс беруге келген қазақстандықтардың кезегін көріп, таң қалдым – әнші

Сурет: Ержан Нұрғалиевтің жеке мұрағатынан
"Еуразия дауысы" байқауының жеңімпазы, бүгінде Мәскеуде тұрып жатқан танымал қазақстандық әнші Ержан Нұрғалиев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде орналасқан №265 сайлау учаскесіне келдім. Бұл менің шетелде бірінші рет дауыс беруім. Шынымды айтсам, сайлау учаскесіне келгенде, азаматтық борышын өтеуге келген отандастарымыздың кезегі таң қалдырды. Бір жағынан, бұл жақсы да. Демек, елімізді кім басқаратынына отандастарымыз бей-жай қарамайды". Әнші Ержан Нұрғалиев

Өнер адамы "бұл – жеке адамдардың таңдауы емес, әр адамның, әрбір азаматтың таңдауы және ең алдымен өзіңнің, отбасыңның, жалпы ел алдындағы таңдауың" деп есептейді.

"Ел тағдыры әрқайсымызға, ұстанымымызға, дүниетанымымызға, елімізге, халқымызға деген көзқарасымызға байланысты екенін бәріміз түсінуіміз керек. Сіздің мәселеңізді біреу шешіп береді деп күтудің, үміттенудің қажеті жоқ. Әркім өз жұмысын кәсіби түрде атқаруы керек, солай емес пе? Әртістер ән айтуы керек, саясаткерлер саясатпен айналысуы тиіс, ғалымдар ғылыммен айналысуы қажет... " Әнші Ержан Нұрғалиев

Оның сөзінше, әркім өз ісімен айналысса, еліміз дами түседі.

Отанымды өте жақсы көремін және елімнің гүлденуі мен амандығын тілеймін,  – дейді әнші.
Ресей
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды