Қырғызстанның Тәжікстанмен шекаралас аймақтарында мереке күндеріне шектеу енгізілді

Сурет: Қырғызстанның ҰҚМК
Баткен әкімдігі жақында Тәжікстанмен шекарада 63 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланғандықтан, осындай қадамға барып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шараларды өткізуге қойылған шектеулер қала, аудан және облыстарға да қатысты және 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады, деп жазады 24.kg.

Шектеулер Жаңа жыл, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, соңғы қоңырау, Халықаралық балаларды қорғау күні, Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні және басқа да кәсіби мерекелерді тойлауға да қатысты.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс 14 қыркүйек күні таңертең басталған. Тараптар бір-бірін атқылады деп айыптады.

16 қыркүйекте Қырғызстанның Шекара қызметі әскерилер Тәжікстанмен шекарада оқ атуды тоқтатқанын, сонымен қатар атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін хабарлады.

17 қыркүйек күні таңертең Қырғызстанның Баткен облысында тағы да оқ атылып, кейін төтенше жағдай режимі енгізілген. Елде 19 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қырғызстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды