Жерге магниттік дауылдар соғады

Жерге магниттік дауылдар соғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 10:26 Сурет: xras.ru
Тыныш кезеңнен кейін Күн қайтадан белсенділік таныта бастады. 13 наурыздан бастап Күнде пайда болған короналық тесіктің салдарынан ұзаққа созылатын геомагниттік толқулар сериясы басталуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы және Күн-жер физикасы институтының ғалымдары ескертті.

Мамандардың айтуынша, алдағы тәулікте Жерге бағытталған күн желі ағынының жылдамдығы артады. Соның салдарынан геомагниттік индекстер де көтеріле бастайды.

Ғалымдардың мәліметінше, күтіліп отырған толқулардың көзі Күн бетінде айқын көрінеді. Бұл – көлемі айтарлықтай үлкен әрі пішіні ерекше короналық тесік. Ол әдеттегі дөңгелек немесе "көбелек" тәрізді пішіннен гөрі, Күннің оңтүстік полюсінен солтүстік полюсіне дейін созылып жатқан алып жарықшаққа ұқсайды.

Зерттеушілердің айтуынша, мұндай құрылымдар көбіне ұзақ уақыт сақталады. Бір ай бұрын Күннің алдыңғы айналымы кезінде де осы аймақ байқалып, сол кезде пішіні "айдаһарға" ұқсас болған.

Сол уақытта G1–G2 деңгейіндегі (5 балдық шкала бойынша) орташа магниттік дауылдар тіркелген.

Ғалымдар құрылымның пішіні мен көлемі айтарлықтай өзгермегенін айтып, бұл жолы да магниттік дауылдардың шамамен сол деңгейде болуы мүмкін екенін болжайды. Модельдерге сәйкес, алғашқы геомагниттік толқулар бүгін түнге қарай басталуы ықтимал.

Айта кетейік, бұдан екі күн бұрын – 11 наурызда ғалымдар Күн белсенділігінің әдеттен тыс төмен деңгейде болғанын мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: