Месси "Канелоға" жауап қатты: Кешірім сұрайтын түгі жоқ

Сурет: Twitter/fifaworldcup
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында Мексиканы жеңгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеде түсірілген жанжалды видео жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

TUDN басылымының жазуынша, аргентиналық шабуылшы імұнда тұрған ештеңе жоқ деп есептейді.

"Бұл түсініспеушілік болды. Мені білетін кез келген адам менің тарапымнан құрметсіздік көрсетілмегенін айтып бере алады. Ол киіну бөлмесі, ойыннан кейінгі заттар. Кешірім сұрайтын түгі жоқ, өйткені мен Мексика халқына немесе футболкаға құрметсіздік танытқан жоқпын». Лионель Месси

Бұл жағдайға Аргентина құрамасы Мексиканы жеңгеннен кейін (2:0) жарияланған видео себеп болды. Киінетін бөлмеде аяқ киімінің бауын шешіп жатқан Месси мексикалық ойыншылардың бірінің футболкасын теуіп жіберді. Әйгілі боксшы "Канело" Альварес Лионель Мессидің бұл ісін сынға алды.

Мексикалық боксшы кейінірек Мессиден кешірім сұрады.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін