Германияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 25 адам қамалды

Сурет: pixabay
Ұсталғандардың арасында ресейлік тараппен байланысуға көмектескен Ресей азаматы да бар. Германия прокуратурасы олармен Мәскеудің байланыста болғаны туралы айғақтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Германияда "террористік ұйым құрды" және "Рейх азаматтары" оңшыл радикалды тобы жақтастарының сөз байласты деген күдікпен тінту жүргізіліп, күдіктілер тұтқындалды, деп мәлім етті елдің бас прокуратурасы.

22 адам ұйымға мүше болды деген күдікке ілінген, тағы үшеуі қамауға алынды.

Олардың арасында Б. Виталия есімді Ресей азаматы да бар. Ол Ресей шенеуніктерімен байланыс орнатуға көмектесті деген күдікке ілінді.

Барлығы 52 күдікті тергеліп жатыр.

Прокуратура күдіктілер Германияда қалыптасқан мемлекеттік тәртіпті бұзып, оны жалпылама түрде әзірлеген өздерінің басқару формасымен ауыстыруды көздегенін атап өтті.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды