Моңғолия парламенті көмір ұрлығына қатысты тұлғалардың есімін жариялайтын болды

Сурет: Parliament.mn
Моңғолия парламенті Ұлан-Батырдағы наразылықтар аясында көмір ұрлығы мәселелері бойынша тыңдалымдар өткізіп, кінәлілердің аты-жөнін жариялайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлы Құралдың төрағасы Гомбожавын Занданшатар халық байлығын тонауға қатысты кез келген адам жазалануы керек деп мәлімдеді.

"Ұлы Құрал көмір ұрлығы ісі бойынша ашық тыңдалымдар өткізеді. Онда осы іске байланысты лауазымды тұлғалардың есімдерін жария етеміз", - деді Занданшатар.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда экспорттауға жататын көмірдің ұрлануына байланысты жаппай шеру өтіп жатыр. Қалың қауым үкімет пен президенттен "44 триллион тугриктің көмірін қолды қылған ұрылардың" есімдерін атауды талап етті.

Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ наразылықтар аясында парламент пен үкіметті тарату туралы өзінің ниеті жоқ екенін жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі