Польша Ресейді лаңкестікті қолдайтын мемлекет деп таныды

Сурет: pixabay
14 желтоқсанда Польша сеймі "Ресейді лаңкестікті қолдайтын мемлекет ретінде тану туралы" қарар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Польша парламентінің төменгі палатасы сайтының жазуынша, Ресей адам құқықтарын, халықаралық құқықты, БҰҰ Жарғысын жүйелі түрде бұзып, экономикалық қызметке, соның ішінде энергетика саласына қарсы әскери қылмыстар жасап отыр.

Сонымен қатар депутаттар 2014 жылы шілдеде 298 жолаушы мен экипаж мүшесі қаза тапқан Малайзия әуе жолы рейсінің (MH17) апатқа ұшырауына, сондай-ақ Польша Әскери-әуе күштерінің (101 рейсі) апатқа ұшырауына Ресей тікелей жауапты екенін мәлімдеді. 2010 жылғы сәуірде Смоленскіде ұшақ бортындағы 96 адам, оның ішінде Польша Республикасының президенті Лех Качинский қаза тапты.

Поляк депутаттары бұл резолюцияны екінші реткі әрекеттен соң ғана қабылдай алды. Өткен аптада дауыс беру оппозицияның наразылығына байланысты өтпеді. Бұған дейін Еуропарламент дәл осындай резолюция қабылдаған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды