Қазақстанда шошқа тұмауы таралып жатыр

Сурет: Алматы әкімдігі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәжіліс алаңында елдегі эпидемиология жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда тұмаудың үш түрі, соның ішінде тіркелген шошқа тұмауы да таралып жатыр.

"Қазақстанда шошқа тұмауы тіркелді. Ол - H1N1. Сонымен қатар аденовирус та тіркелді. Вирустар бір-бірімен қабаттасып, вирустық инфекция араласқан кезде асқынып, инфекция мен суперинфекция болатынын көріп отырмыз".Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Ажар Ғиният елде коронавирустың "омикрон-штамы" да жұғып жатқанын қоса кетті.

"Омикрон штаммының бірнеше түрі бар, себебі вирус мутацияға ұшырап отырады. Ал біздің елде Cerberus нұсқасы таралып жатыр".Ажар Ғиният

Ажар Ғиният вакцинация өзіне вирустардан қорғануға көмектесетінін атап өтті. Денсаулық сақтау министрі қазан айында тұмауға қарсы екпе, сонымен бірге коронавирус инфекциясына қарсы қайта екпе алған екен. Ол барлық жерде маска тағып жүруді кеңес етті.


Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді