Одессада ескерткіштер құлатылып жатыр. Италия бейбіт келісімнің кепілі болуға дайын

Украина Қарулы күштерін қаржыландыруды ұлғайту үшін елде жаңа салық енгізілуі мүмкін, Ресейде Георгий лентасын қорлағандарға айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Полтава мэрі Александр Мамайға күдік келтірілді. Оған қару, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді Украинаға тасымалы немесе Украина Қарулы күштерінің орналасуы туралы ақпаратты рұқсатсыз таратты деген айып тағылды. 

- Украина Қарулы күштерін қаржыландыруды ұлғайту үшін елде жаңа салық енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Ростислав Шурма мәлімдеді.

- Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Қақтығысқа байланысты бейтарап ұстаным ұстанғандар енді Ресей жағына шыға бастағанын айтты.

- Түнде Одессада ІІ Екатерина патшайым мен Александр Суворовтың ескерткіштері құлатылды.

- Ресейде Георгий лентасы әскери айбын мен даңқтың символы деп танылды және оны қорлағандар 5 миллион рубльге дейін ақшалай айыппұл төлеуі тиіс немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады.

- Ресей президенті Владимир Путин жаңа аймақтарға жіберілген азаматтар жарақат алған жағдайда 3 миллион рубль және қайтыс болған жағдайда марқұмның отбасына 5 миллион рубль төлем төлеу туралы жарлыққа қол қойды.

- Сондай-ақ, Ресей президенті төрт жаңа аймақтың прокурорларын тағайындады.

- Сонымен қатар Путин бірқатар тауарлар мен шикізатқа экспорттық және импорттық баждарды арттыру арқылы сыртқы саудада қолданылатын арнайы шаралар қатарын толықтырды, олардың тізімін Үкімет жасақтайтын болады.

- РФ Үкіметі Еуропалық Одақ елдерінен, Ұлыбританиядан, Норвегиядан және Украинадан автокөлікпен шығатын жүктердің Ресей Федерациясы арқылы тасымалына салынған тыйымды 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты, делінеді арнайы қаулыда.

- Беларусь территориясына Украинаның С-300 зымыраны құлады. Бұл арала екі негізгі нұсқа қарастырылуда: зымыран Польшадағыдай басқару жүйесіндегі ақауға байланысты лағып кеткен және зымыран Беларусь Әуе қорғанысы жүйесі жұмысының нәтижесінде атып түсірілді.

- Жақында Вашингтонда өткен кездесуде Зеленский Байденнен 300 шақырымға дейінгі қашықтықты бағындыратын ATACMS зымыранына қайта сұрау салды, деп жазады Politico басылымы. Бірақ АҚШ президенті бұған көнбеген.

- Италия премьер-министрі Джорджа Мелони өз елінің Украина бойынша бейбіт келісімнің кепілі болуға дайын екенін айтты. Мелони ақпан айының соңына дейін Киевке бармақшы.

Беларусь Ресей АҚШ Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: