Бразилия Пеленің қайтыс болуына байланысты аза тұту күнін жариялады

Сурет: pixabay
Бразилия президенті Болсонаро футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты 29-31 желтоқсан аралығында қаралы күн деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ел үкіметінің сайтында айтылған.

"Футболшы Пеле Эдсон Арантес ду Насиментоның қайтыс болуына байланысты қайғының белгісі ретінде осы Жарлық жарияланған күннен бастап бүкіл елде үш күн ресми аза тұту жарияланды", - делінген жарлықта.

Үш дүркін әлем чемпионы 29 желтоқсанда 82 жасында қайтыс болды. Пелемен қоштасу рәсімі бразилиялық "Сантос" футбол клубының стадионында өтеді. Футбол аңызы Гиннестің рекордтар кітабына енген тік зиратқа жерленеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар