Францияда энергетика министрлігінің тоғыз ғимараты жылудан ажыратылады

Сурет: pixabay
30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін Франциядағы Энергетика және экология министрлігінің тоғыз ғимараты электр желісі мен жылудан ажыратылады, ондағы қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуге босатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция билігі бұл арадағы мақсат - қашықтан жұмыс істеу энергияны үнемдеуге қаншалықты мүмкіндік беретінін бағалау, деп хабарлайды tf1.

Дәліздер босап, 30 желтоқсан - жұмадан 2 қаңтар - дүйсенбіге дейінгі аралықта энергетика және экология министрлігінің тоғыз ғимараты жылудан, электр энергиясынан ажыратылады. Париждің орталығындағы, Hôtel de Roquelaure-дегі, Ла-Дефанстағы кеңселерде немесе Анжедегі филиалдарда жұмыс істейтін қызметкерлер алдағы төрт күнде қашықтан жұмыс істеуге шақырылды. Министр Агнес Пантерудің өтініші бойынша энергия тұтынысы саласында ауқымды сынақ жүргізіледі.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды