Гарри ханзада Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүргенде 25 адам өлтірген

Сурет: pixabay
Британдық ханзада Ауғанстанда қанша адамды мерт қылғанын естілік кітабында жазған. Кітап жақында жарық көреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлыбритания ханзадасы Гарри Ауғанстанда қызмет еткен жылдары 25 адамды өлтіргенін мойындады, деп жазды Sky News.

Ханзаданың "Spare" естелік кітабы 10 қаңтарда шығады деп  жоспарланған, алайда кейбір басылымдар кітаптан үзінді жариялай бастады. Гарридің мемуары "король отбасының ашу-ызасын тудыратыны" айтылып жатыр.

"Мен жаудың қанша жауынгерін өлтіргенімді әрқашан дәл айта алатынмын. Сонымен ол сан – 25. Бұл мені қанағаттандырмады, дегенмен ұялған да жоқпын". Ханзада Гарридің  "Spare" кітабынан үзінді

Британдық ханзада 10 жыл әскерде болып, Ауғанстанда екі мерзім қызмет етті.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді