Сыртқы істер министрлігі Таиландта қанша қазақстандық еңбек құлдығында жүргенін анықтап жатыр

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта екі қазақстандық еңбек құлдығында болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ресми өкілдің сөзінше, жаңа жыл алдында Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне екі қазақстандық өтініш білдірген.

"Жаңа жыл қарсаңында бізге көмек сұрап жүгінген бұл екі азамат бір аптаға жуық уақыт мәлімет жарияламауды және бұл ақпаратты БАҚ-қа бермеуді, яғни жария етпеуді сұрады. Бірақ туыстары қатты алаңдап, БАҚ-қа хабарласа бастады, сондықтан біз де осы жолмен жүріп, бұл мәселені жариялауды жөн көрдік". Айбек Смадияров

Ол екі адамнан бөлек, еңбек құлдығында жүрген Қазақстан азаматтары жөнінде ақпарат бар екенін, бірақ бұл расталмаған ақпарат екенін айтты.

"Оны тексеру өте қиын, сондықтан кенеттен сол аймақта жүрген азаматтарымыз Қазақстан жаңалықтарын оқып немесе көріп қалса, біз оларға орналасқан жерін жасырмауға кеңес береміз. Олар міндетті түрде не жағдай боп жатқанын, қалай көмектесе алатымызды айту керек". Айбек Смадияров

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 2022 жылдың маусым айының соңынан бастап Оңтүстік-Шығыс Азияның "алтын үшбұрышы" деп аталатын Мьянма, Лаос және Таиланд аумақтарында қазақстандықтарды еңбек құлдығынан табу фактілері анықтала бастағанын атап өтті. 

Оның сөзінше, Қазақстанның Таиландтағы және Вьетнамдағы Елшілігі Қазақстан азаматтарының мәселелерін шешу үшін Таиланд, Лаос және Мьянманың құқық қорғау органдарымен және сыртқы саясат ведомстволарымен тұрақты байланыста. Бұл процеске Таиландтағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар да атсалысып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді