Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі отвтавкаға кетті

Сурет: president.gov.ua
Алексей Арестович Днепрдегі тұрғын үйдің кіреберісін қиратқан зымыран туралы айтқан сөзінен кейін қызметінен кету туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович отставкаға кетті. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында хабарлады.

14 қаңтарда Алексей Арестович Днепрдегі тұрғын үйдің кіреберісін қиратып, кем дегенде 40 адамның өмірін қиған зымыран Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсіргендіктен, тұрғын үйге құлағанын айтты. Украина Қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарып, Ресей тарапынан тікелей зымыран атылғанын мәлімдеді.

16 қаңтарда Жоғарғы Раданың бірнеше депутаты президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермакқа Алексей Арестовичтің көзқарасын ресми көзқарастан бөлуді сұрап шағымданды.

Олардың пікірінше, кеңесшінің әрекеті елге зиянын тигізеді. Атап айтқанда, оның Днепрдегі тұрғын үйдің қирау себептері туралы сөзін ресейлік БАҚ бірден қағып алып, тарата жөнелді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек