- НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Германияның Украинаға Leopard 2 танктерін жеткізу туралы шешімін мақұлдады.
- Украинаға танктерді жеткізу туралы шешім қабылданғанына қарамастан, Германия Ресей Федерациясы мен НАТО арасындағы шиеленісті болдырмау принципін ұстанады, - деді Германия канцлері Олаф Шольц.
- Шольц Германия Украинаға ұшақтар мен сарбаздарды жолдамайтынын мәлімдеді.
- Ұлыбританияның Премьер-министрі Риши Сунак Германияның Украинаға Leopard танктерін жеткізу туралы шешімін "дұрыс" деп бағалады. Оның пікірінше, британдық Challenger 2-мен бірге қосыла отырып, ол украин қарулы күшін арттырады.
- Португалия Украинаға төрт Leopard 2 танкін жеткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Correio da Manha басылымы өз дерек көзіне сілтеме жасап.
- Финляндия Украинаға Leopard танктерін жеткізу жөніндегі жобаға қосылуға дайындалып жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрі Микко Савола арнайы өткізілген брифингіде.
- Қырым басшысы Сергей Аксенов Германияның Киевке Leopard 2 танктерін жіберу туралы шешімінен кейін ГФР-ға тыңайтқыштар мен энергия тасымалдаушыларды экспорттауға тыйым салуды ұсынды.
- Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров БРИКС елдері валютасын құру туралы бастама тамыз айында Оңтүстік Африкада өтетін саммитте талқыланатынын айтты.
- АҚШ Президенті Джо Байден Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де Киевке әскери көмек көрсету жөнінде мәлімдеме жасайды.
- Киев Мәскеумен "Минск" сияқты келісімге отырғысы келмейді – Украина СІМ басшысы.
- Киев облыстық әкімшілігінің бұрынғы басшысы Алексей Кулеба Украина Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
- НАТО Украинадағы шиеленісуші тарап болып табылмайды әрі ондай болмайды да, альянс өз сарбаздарын немесе ұшақтарын бұл елге жібермейді – Столтенберг.
- ГФР СІМ басшысы Анналена Бербок "Украинаны қорғау" үшін ЕО елдері бірлесе отырып, "көп нәрсе жасауы керек" деп мәлімдеді, өйткені олардың барлығы бірдей "Ресейге қарсы күресіп жатыр".
- Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Бербоктың бұл сөздеріне қатысты былай пікір білдірді: "Егер бұған Меркельдің Украинаны нығайтып жатқаны және Минск келісіміне арқа сүйемегені туралы айтқандарын қосатын болсақ, онда біз Ресейге қарсы алдын-ала жоспарланған соғыс жайлы сөз болып отырғанының куәсі боламыз. Содан кейін естімей қалдық деп жүрмеңіздер".