Қарақалпақстанда шеруге қатасқандарға сот үкімі шықты

Сурет: freepik
31 қаңтарда сот Нөкіс оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарауды аяқтап, 22 айыпталушының үкімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газеты.uz басылымының жазуынша, бұл іс бойынша сот 28 қарашада басталып, екі айға жуық уақытқа созылған.

Басты айыпталушы Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек ол 228,8 миллион сум көлеміндегі шығынды өтеуі керек.

Қалған айыпталушыларға бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Журналист Лолагүл Қаллыханова үш жыл сынақ мерзімімен 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, Азамат Нұратдинов, Ахмет Сметуллаев және Азамат Тұрдановпен бірге сот залынан босатылды.

2022 жылғы 1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нөкіс қаласының айналасында шерулер ұйымдастырып, одан кейін орталық дехқан базарының аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырды.

Халық шеруге Конституцияға Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығы туралы тармақты алып тастайтын түзетулер жобасына қарсылық білдіріп шықты.

Кейін өзбек билігі шерушілердің мемлекеттік органдарды басып алу әрекеті болғанын хабарлады. Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді.

Мирзиеев кейін Қарақалпақстанның құқықтық статусы туралы нормалардың өзгеріссіз қалуы үшін Мәжлістің заң шығару палатасына жүгінді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды