Түрік кәсіпкері ескі көлікпен гуманитарлық көмек тасыған азаматқа жаңа көлік сыйлады

Сурет: freepik
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін Сарвар Баширли Бакуде ұйымдастырылған гуманитарлық көмек қабылдау пункттеріне ескі көлігімен көрпе-жастық жеткізген. Ол әп-сәтте әлеуметтік желіде ең көп талқыланған тұлғалардың біріне айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қамқор азаматтың әрекеті желі қолданушыларының көңілін босатты.

Түрік меценаты Сабахаддин Живелек оған көлік сыйлауды ұйғарыпты.

Musavat басылымының жазуынша, көлік Сарвардың әкесіне берілген.

Сарвар Баширлидің өзі Әзірбайжаннан келген бір топ еріктілермен бірге Түркияда жүр.

17 ақпанда гуманитарлық жүк тиелген тағы бір ұшақ Қазақстаннан Түркияның Газиантеп қаласын бетке алып ұшып кетті.

Түркия
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды