Сыртқы істер министрлігі Darkhan Juzz-дің Тайландта жол апатынан қаза тапқанын растады

Сурет: Instagram/d.juzz
Қаралы хабарды ҚР Сыртқы істер министрлігі нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында опат болды.

"Біздің азамат жалдамалы мопедпен жүріп жол көлік апаты салдарынан қаза тапқан. Консул марқұмның туыстарымен байланыс ұстап отыр. Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажет құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Бірер уақыт бұрын Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл туралы Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Көпке Darkhan Juzz деген атпен танылған әнші - "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерін шығарып, өзі оны орындайтын. Оның инди-поп жанрындағы әндері ерекше жаңа стиль алып келген еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды