"Арамыз нашарлап кетеді". Блинкен Қытайға доқ көрсетті

Сурет: Zakon.kz
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкин Астанада өткен баспасөз мәслихатында: "Егер Ресейге қару-жарақ жағынатын көмектесетін болса, ондай Қытаймен арадағы қарым-қатынас нашарлауы мүмкін" деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл мәселені Мюнхенде көтерген болатын. Ол Украинаға қарсы ресейлік агрессия басталғанға дейін Си Цзиньпин мен Владимир Путин саммит өткізіп, ол арада шекарасыз серіктестік туралы айтылғанын еске салды. Ал қазір соғыс жағдайында АҚШ-ты бұл мәселе қатты алаңдатады.

"Қытай Ресей агрессиясында қарулы көмек көрсетуі мүмкін. Бұл қандай ақпаратқа негізделіп отыр десеңіз, ол (Қытай - ред) Ресейге қырып-жоятын қару бойынша көмектесуі мүмкін". Энтони Блинкен

Блинкеннің сөзінше, егер Қытай Ресейге ашық түрде көмек көрсететін болса, онда Қытай компанияларына қарсы кәдімгідей қадамдар жасалатыны ескертілген. 

"Көптеген елге бұл мәселе туралы жария түрде ескертілген. Бұл тек Қытай мен АҚШ-тың ынтымақтастығына емес, жалпы Қытайдың басқа елдермен қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін. Бір жағынан Қытай Ресейді бейбітшілікті сақтау, бейбіт келісімге келу сияқты жағынан қолдап жатса, екінші жағынан Ресей мен Украинаның қақтығысына іштей бір отқа май құйып жатқандай болып отыр. Қытай тек біздің айтқанымызды ғана емес, әлемнің көптеген елінің өте байсалды айтылған сөздерін дұрыс қабылдайды деп үміттенемін", - деді ол. 


АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды