Тбилисиде шерушілер Еуроодақтың туын жағып жіберді

Сурет: pixabay
"Консервативтік қозғалыс" және Alt-Info радикалды топтарының мүшелері "Батыстың ықпалына қарсы" шеруге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тбилисидің орталығында "Консервативтік қозғалыс" партиясы мен  Alt-Info қозғалысының жақтастары "Батыс елдерінің ықпалына" қарсылық танытып шеруге шығып, шетелдік агенттер туралы заңға қарсы наразылық акциясына қатысушыларды сынға алды, деп жазды EADaily.

Наразылық білдірушілер Грузияға шетелдің ықпал етуіне қарсылық танытып,  отбасылық құндылықтар мен елдегі тұрақтылықты қолдап шеруге шықты.
"Батыс – біздің үйіміз емес, таңдауымыз емес. Біздің таңдауымыз – Грузия, біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз Грузияда". "Консервативтік қозғалыс" жетекшілерінің бірі Шота Мартыненко

Шерушілер Еуроодақтың туын жұлып алып, таптап, өртеп жіберді.

Қызықты
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды