"Вагнер" қатарына қабылданған қазақ жігіт Қазақстан Қарулы күштеріне қызметке жарамаған

Сурет: Қорғаныс министрлігі
"Вагнер" жеке әскери компаниясына қабылданған 23 жастағы қазақстандық Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы әскери қызметке жарамсыз деп танылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, бас штабтың бастығы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров "Вагнер ЖӘК" мекемесіне қабылданған қазақстандық студентке қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Осы азамат (Вагнерге қабылданған қазақстандық. – Ред. ескертпе) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарындағы қызметке жарамсыз деп танылды".Қаныш Әбубәкіров

Сонымен қатар ол жеке әскери ротаның әрекетіне және жалпы жағдайға құқықтық бағаны басқа уәкілетті органдар беретінін, мұндай баға Қорғаныс министрлігінің құзыретіне кірмейтінін атап өтті.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Томск университетінің студенті Қазақстан азаматының ресейлік "Вагнер" ЖӘК-пен келісімшартқа отырғаны туралы ақпаратты растаған еді. Әлеуметтік желілерде 23 жастағы қазақстандықтың компанияның Украина аумағындағы әскери бөлімшелерінде жүргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін