Италияда климат белсенділері әйгілі субұрқақтың суын қара түске бояп қойды

Сурет: wikimedia
Италиядағы бір топ климат белсендісі экологияға назар аударту үшін әйгілі Рим субұрқағы Фontana dei Quattro Fiumi (Төрт өзен субұрқағы) суына ағаш көмір қосылған қара сұйықтық құйған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белсенділердің айтуынша, адамзатты "осы судай қап-қара" болашақ күтіп тұр, деп жазды CNN.

Қызғылт сары кеудеше киген белсенділер субұрқатың ішіне кіріп тұрған. Бұған қоса бар қызғылт сары түсті баннерлер әләп қойған.

Бұл Италиядағы басқа да тарихи орындарда, соның ішінде Римнің орталығындағы Испан баспалдақтарындағы Баркачча субұрқағында наразылық шерулерін жүргізген климат белсенділері болуы мүмкін деген болжам бар.

Белсенділерді полиция тұтқындап, оларға қоғамдық ескерткішке зиян келтірді деген айып тағылды.

Римдегі әйгілі Пьяцца Навонада орналасқан Фьюми субұрқағын 1651 жылы италиялық мүсінші Джан Лоренцо Бернини жасаған.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды