ДДҰ бүкіл әлем халқын жұқпалы емес аурулардан болатын қауіпке қарсы тұруға шақырды

Сурет: pixabay
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары және қант диабеті сияқты жұқпалы емес аурулардың өсіп келе жатқан қаупіне бүкіл әлем болып қарсы тұруға, шара қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйтпесе аталған аурулар 2050 жылға қарай барлық өлімнің 86%-ына себеп болуы мүмкін дейді ДДҰ.

"Медицинадағы жетістіктерге қарамастан, жұқпалы емес аурулар жыл сайын адам өлімінің төрттен үш бөлігіне себеп болады. Бұл үрдіс жалғаса берсе, ғасырдың ортасына қарай жыл сайын 90 миллион өлім-жітімнің шамамен 86%-ы жұқпалы емес аурудан болады", - делінген ұйымның баяндамасында.

ДДҰ жұқпалы емес аурулардың өршуін "болашақ ұрпақтың денсаулығына келе жатқан қауіп" деп атап, онымен күресу үшін шешімді ұжым болып қабылдауға және бірлесіп әрекет етуге шақырды.

"Әлем кейінгі екі онжылдықтың сабағына, соның ішінде осы пандемия жылдарындағы трагедияға назар аударуы керек. Солардың ең маңыздысының бірі - қажетсіз өлім мен ауруды болдыртпау. Сонымен қатар күшті, әділ және төзімдірек денсаулық сақтау жүйесі мен қоғамды құру біздің қолымызда екенін білу".ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус
Қазақстан
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды