Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим қашан іске қосылады

Сурет: gov.kz
29 мамырда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режим қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, әуелі екі ел ішкі процедураларды аяқтауы керек.

"Бірнеше ай керек. Меніңше, екі-үш ай қажет. Осыдан кейін екі тарап бір-біріне ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлауы керек. Содан кейін келісім күшіне енеді. Бұл екі елдің мемлекеттік органдарының жұмыс істеу жеделдігіне байланысты. Меніңше, көп созбай аяқталып қалады".Айбек Смадияров

Сонымен қатар ол Қазақстан бұл процедураларды тек тездететінін айтты.

17-19 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Осы сапар барысында мемлекет басшылары өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды. Билік Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы көптен бері айтып келеді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды