Қырғызстанның экс-президенті тағы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: freepik
2005-2010 жылдар аралығында Қырғызстан президенті қызметін атқарған Құрманбек Бакиевті Бішкектің Первомай аудандық соты сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

kaktus.media сайтының жазуынша, бұрынғы президент пен қылмыстық іс бойынша басқа да айыпталушылар Құмтөр алтын кенішіндегі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған.

"Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімімен Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасының 2021 жылғы 28 қазандағы Қылмыстық кодексінің 336-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ үкімде оның мүлкі тәркіленетіні және жазасын өтегеннен кейін үш жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтыны жазылған.

Бұрынғы үкімдерді қоса есептегенде, қашқын президент жалпы 30 жыл түрмеде отыруы керек.

2010 жылы сәуірде Бакиев Қырғызстаннан кеткен, қазір Беларусьте тұрады. Елінде мүлкі тәркіленіп, сырттай 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Бішкек Минсктен бұрынғы мемлекет басшысын экстрадициялауды бірнеше рет талап еткенмен, нәтиже болмай тұр.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы