Француз билігі елдегі бүлікті басу үшін жандармерияның бронды машиналарын қолдана бастады

Сурет: Twitter/Préfecture de Police
Франция премьер-министрі Элизабет Борн елдегі наразылықты басу үшін жандармерияның бронды техникалары пайдаланылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің ұсынысы бойынша тәртіпсіздікті басу үшін Элизабет Борн ұлттық жандармерияның 18 бронды техникасын пайдалануға рұқсат берді, деп мәлімдеді BFM телеарнасы.

Министр алдында елдегі бүлікті басу үшін 40 мың полиция қызметкерін жіберетінін айтқан еді.

Жаңа Centaure көліктері жандармдарға 2022 жылдан бастап беріле бастаған. Бронды техниканың массасы 14,5 тонна, ұзындығы 6 м. Бронды техниканы пулеметпен немесе көзден жас ағызатын газ гранаталарын атуға арналған қондырғылармен жабдықтауға болады. Бұл бронды машиналар жандармериядағы 1960 жылдардағы ескі VBRG бронды көліктерін алмастыру үшін алынған.

Сейсенбі күні Париж маңындағы Нантер қаласында полиция қызметкері 17 жастағы жасөспірімді құжаттарын тексеру кезінде көлікте атып өлтіргеннен кейін Францияда бүлік басталды. Париж маңындағы наразылық бүкіл ел аумағын қамтып, тіпті көршілес Бельгияға дейін жеткені белгілі болды.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды