Димаш қытайлық танымал әнші туралы естелігін жариялады

Сурет: Zakon.kz
Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында суицидтен қайтыс болған қытайлық әнші Coco Lee-мен бірге түскен фотосын жариялап, ол туралы әсерлі пост жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2017 жылы Қытай шоу-бизнесіндегі алғашқы қадамдарымды қолдаған алғашқы адамдардың бірі. Әлемдегі ең керемет орындаушылардың бірі. Мен оны шын жүректен жақсы көретінмін. Сізбен дуэт айту бақытына ие болған күнді ешқашан ұмытпаймын. Сіз әрқашан табыстың, кәсібиліктің және адамгершіліктің эталоны болдыңыз. Біз сіз туралы тек жақсы нәрселерді есте сақтаймыз, өйткені жаман ештеңе болған жоқ. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, сахна ханшайымы. Сенің орныңды ешкім баса алмайды", -деп жазды Димаш.

Coco Lee - қытайлық танымал әнші, әйгілі Дисней «Мулан» мультфильмінің негізгі саундтрегін орындаушы. 6 шілдеде әншінің өзіне қол жұмсамақ болғаны, кейін емханалардың бірінде жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны белгілі болды. Баспасөздің жазуына қарағанда, ол ұзақ уақыт депрессиямен күрескен.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда