Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті деп танылды

Сурет: saylov.uz
Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы елдегі кезектен тыс президенттік сайлауды өтті деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның мәліметінше, жергілікті уақыт 11:00-дегі (Астана уақыты бойынша 12:00) жағдай бойынша республика президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 33,54%-ы дауыс берген. Өзбекстан заңнамасына сәйкес, жалпы сайлаушылардың 33% шегі игерілгенде сайлау өтті деп саналады. 

Өзбекстанның ОСК деректері бойынша, сайлаушылар тізіміне 19 млн 593 мың 838 азамат енгізілді, 14 округтік сайлау комиссиясы, 10 784 сайлау учаскесі құрылды. Шетелде жүрген өзбекстандықтар үшін 39 елде 56 сайлау учаскесі ашылды. Қазақстан территориясында, атап айтқанда  Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау учаскелері ашылды.

Учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де жабылады. Дауыс беру қорытындысы дүйсенбі күні таңертең жарияланады деп жоспарланған.

Төрт адам президенттіктен үміткер. Экологиялық партия өз көшбасшысы Абдушукур Хамзаевты, Халықтық-демократиялық партия өз көшбасшы Ұлықбек Иноятовты, "Адолат" социал-демократиялық партиясы - Жоғарғы Сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудовты, ал "Ұзлидеп" басқарушы партиясы - қазіргі президент Шавкат Мирзиёевті ұсынды.

Жексенбіде Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.  

Өзбекстан
Мирзиёев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты