Өзбекстан президенті елдегі конструктивті оппозицияның қызметіне кепілдік берді

Сурет: Өзбекстан президенті баспасөз қызметі
Президент Шавкат Мирзиёев инаугурациядағы сөзінде Өзбекстанда конструктивті оппозицияның қызметіне, сонымен қатар азаматтардың ақпарат алу, пайдалану және тарату құқығына кепілдік берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шавкат Мирзиеев Өзбекстанда барлық саяси құқықпен қатар дін және ар-ождан бостандығына кепілдіктер сөзсіз қамтамасыз етілетінін айтты.

"Біз демократия мен жариялылық саясатын дәйекті түрде жалғастырамыз. Біз сындарлы оппозицияның қызметіне, тағы да қайталап айтамын, сындарлы оппозицияға, сөз және баспасөз бостандығына, азаматтардың ақпарат алу, пайдалану және тарату құқығына кепілдік береміз".Шавкат Мирзиёев

2019 жылдың соңында Шавкат Мирзиеев ел ішінде саяси оппозиция пайда болып, халықтың барлық мәселесін білетіндей жағдай жасау керек екенін айтқан.

2021 жылдың қыркүйегінде сенат төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаев қоғам оппозициясыз, сынсыз, балама идеяларсыз дамымайтынын атап көрсетті.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды